Сіздің тапсырыс берген тауарыңыздың келу уақыты, тауарыңызды біздің Қытайдағы қойманың қабылдап алған уақытынан басталады. Тауардың Қытайдан филиалға жету уақыты 15 күнге дейін.
Жеткізуге төлем қалай жасалады?
Тауарыңыз Қазақстандағы өз таңдаған филиалыңызға келгеннен кейін салмағына қарай төлем жасайсыз. Төлемді қолма-қол ақшалай немесе kaspi.kz-ке аударым жасау арқылы төлей аласыз
Тауарыңыздың келуіне әсер ететін басты шарттар:
- дұрыс енгізілген қойма мекен жайы;
- дұрыс енгізілген жақша ішіндегі жеке ақпаратыңыз;
- Қытай маркетплейстарынан дұрыс таңдалған сатушы
- Бағасына сай дұрыс таңдалып тапсырыс берген тауарыңыз.